Оқу-ағарту министрлігі педагогтер лауазымдары тізіміне толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атап айтқанда, тізімге педагог-кәсіптік бағдарлаушы мамандығы қосылады.
Педагог-кәсіптік бағдарлаушы лауазымы оқушылардың таңдаған келешек мамандығына кәсіптік бағдарлау жұмысын ертерек үйлестіру үшін қажет.
Аталған құжат көпшіліктің талқылауы үшін 8 сәуірге дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.