• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Наурыз, 2024

Қарғын су: Ақтөбе облысында 74 адам эвакуацияланды

93 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылында 2 үйдің учаскесін су басып қалды, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы аймақтардағы су басу қаупін бақылап, суды сору жұмыстарын жүргізіп жатқан Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Аталған облыстағы Жағабұлақ ауылында қардың еруі мен жауын-шашынның көп түсуіне байланысты екі ауланы су басып қалды. Еріген қар, жауын-шашын салдарынан Жем өзенінде су деңгейінің көтерілу қаупі туындады.

Осыған байланысты 74 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды.

Тұрғындарға медициналық көмек қажет болмады.