Алматы облысында 10 күн бұрын жоғалып кеткен қызды іздеу үшін көлден су ағызылады, деп хабарлайды Egemen.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Үш жасар Айя-София 17 наурыз күні түстен кейін Күш ауылында жоғалып кетті. Ол үйден өзі жалғыз шығып кетіп, қайтып оралмаған. Баланың анасы оның жоғалғанын сол күні хабарлады.
Полицейлер, құтқарушылар, еріктілер, ауыл тұрғындары, тіпті әскерилер бірден қызды іздеуге шықты. Осы уақыт ішінде іздеу аймағы айтарлықтай кеңейді. Оған қазір ауылдың барлық іргелес аумағы мен көршілес ауылдық округтердің шаруа қожалықтары қосылды.
Үш жасар Айя-Софияны іздеу үшін тікұшақ та тартылды. Сонымен қатар іздеу жұмыстарына 25 ит пен 10 атты топ жұмылдырылды. Іздеу шарасына барлығы 300-ден астам адам жұмылған.
«Қыз әлі күнге дейін табылған жоқ. Еңбекшіқазақ облысы Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімшесі қызды іздеуді жалғастырып жатыр. Іздеу жұмыстары қыз табылғанға дейін жалғасады», деді Балтабай ауылдық округінің әкімі Сәуле Әліпова.
Енді ауылда бірнеше метр жердегі көлдің суын ағызбақшы. Ол жоғалған қыздың үйінің жанында орналасқан. Бірақ оған тағы бір апта кетеді. Іздестіру жұмыстарына тәжірибелі сүңгуірлер де қосылды.