Синоптиктер 28, 29, 30 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Болжам бойынша, алдағы күндері Қазақстанда ауа райы Екатеринбург облыстарынан келетін ауқымды циклон әсеріне байланысты болады. Республика бойынша жел тұрып, жауын-шашын түседі, таулы аймақтарда жаңбыр бұрқасынға ұласуы мүмкін.
«Оңтүстік өңірлердің тұрғындары 30 наурызға қарай ауа температурасының айтарлықтай төмендеуін сезінеді. Сондай-ақ циклон әсерінен республиканың басым бөлігінде жел күшейеді. Солтүстікте көктайғақ күтіледі», делінген хабарламада.