• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 27 Наурыз, 2024

Су тасқыны: Үкімет басшысы жағдайды өз бақылауына алды

228 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектенов Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің, сондай-ақ жекелеген өңірлер әкімдерінің баяндамаларын тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысына қар мен мұздың күрт еруіне байланысты және су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында өңірлерде қалыптасып отырған ахуал туралы баяндалды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жұмыстарға жеке құрамнан 2500 адам, 700-ге жуық техника, 290-нан астам су айдау және жүзу құралдары жұмылдырылған. Жұмыстар іс-қимыл алгоритміне сәйкес жүргізіліп жатыр.

«Жедел желі» телефоны 8 717 2 70 41 14, сонымен қатар өңірлік байланыс орталықтары жұмысын жалғастырып жатыр.

Сонымен қатар  Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Абай, Ұлытау облыстарында және Астана қаласында республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істей бастады.

Төтенше жағдайлар министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыру және елдегі ахуал туралы тәулік сайын есеп беру тапсырылды.