Арқалық қаласының маңайындағы Әбдіғаппар хан, Екідің елді мекендерінің эвакуациялауға келісім берген тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, азық-түлік, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.
Сарыторғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Қызылжұлдыз ауылының 100 тұрғынын Қайыңды ауылына көшіру шаралары жүріп жатыр.
«Пролетарский көшесін басып қалған су арнайы техниканың көмегімен сорғытылып, сырттан келіп жатқан су арнасы құммен бекітілді. Су тасқынының зардаптарын жою жұмыстарына жергілікті атқару органдардың өкілдері, өрт сөндіру бөлімшелері, жедел құтқару жасақтары және көршілес өңірлерден келген әскери бөлімшелер жұмылдырылған», деп мәлімдеді жедел штаб өкілдері.
Қостанай облысы