Алматы қаласының прокурорлары іздеуде жүрген екі қылмыскерді Түркиядан қайтарып алды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы прокуратурасы заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еркімен қайтарған.Қашқындар Түркия Республикасының аумағында 5 жылдан астам уақыт бойы тергеу органдарынан жасырынып келген.28 наурызда қала әуежайында оларға қатысты процестік ұстау жүргізілді. Қазір олар уақытша ұстау изоляторында отыр.