• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сенат 28 Наурыз, 2024

ЕАЭО шеңберінде тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң мақұлданды

117 рет
көрсетілді

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады. Отырыс барысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хаттама Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы құқығында кездесетін техникалық реттеу, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, тарифтік емес реттеу және мемлекеттік сатып алу мәселелеріне қатысты олқылықтарды жоюға арналған. Заңда қарастырылған түзетулер мүше мемлекеттердің ЕАЭО-ның карантинге жатқызылған нысандарының бірыңғай тізбесіне қосылмаған зиянды организмдерге қатысты шұғыл фитосанитариялық шаралар қабылдауды, электрондық форматта өткізілетін сатып алуға қатысуға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ұлттық электрондық цифрлық қолтаңбаларды өзара тануды, сондай-ақ, тауарларды әкелу және әкету кезінде рұқсат құжаттарын ресімдеу процесін оңайлатуды көздейді.

Палата отырысында сенаторлар «2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды да қарап, мақұлдады.

Сонымен қатар отырыс барысында Жанболат Жөргенбаев, Сәкен Арубаев, Бекбол Орынбасаров, Андрей Лукин, Нүрия Ниязова түрлі мәселе бойынша депутаттық сауалдарын жолдады.