• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Наурыз, 2024

Қызылордада мазутты заңсыз сатқандар сотталды

106 рет
көрсетілді

Қызылордалық екі кәсіпкер аса ірі мөлшердегі мазутты мұнай өнімдерінің шығарылу заңдылығын растайтын құжатсыз иеленіп, сақтап, өткізіп отырған, деп жазады Egemen.kz.

ҚР ҚМА Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу барысында аталған екі азаматтың 2022-2023 жылдар аралығында жалпы сомасы 58 223 514 теңгені құрайтын 1023 тонна көлеміндегі «М-100» маркалы мазутты заңсыз өткізіп келгені дәлелденген.

Нәтижесінде У.Н. есімді азамат Қазақстан Республикасының ҚК-нің 197-бабы 4-бөлігінің 2- тармағымен, ҚК-нің 218-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл бас бостандығынан айырылса, Ж.Ε. есімді азаматқа ҚК- нің 63-бабы 1-бөлігіне сәйкес, шартты түрде 3 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.