• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Наурыз, 2024

Су тасқынына байланысты бірнеше өңірде жолдар жабылды

139 рет
көрсетілді

ҚазАвтоЖол өңірлердегі су тасқына байланысты бірқатар облыста республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс шектелгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Жол учаскелерін қарғын су басуына орай қозғалыс шектелген жолдар: 

1.2024 жылғы 28 наурызда сағат 20:30 шамасында еріген судың көп мөлшерінен және көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» республикалық авто жолының 707 шақырымынан 941 шақырымына (Аягөз қаласынан Боғаз ауылына) дейінгі аралықта барлық көлік құралының түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

2. 2024 жылғы 28 наурызда сағат 20:50 шамасында көпірге қарай жолдың ішінара бұзылуына байланысты «Самара-Шымкент» авто жолының 965 шақырымынан 1240 шақырымына дейінгі аралықта барлық көлік құралының түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді (Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).

3. 2024 жылғы 28 наурызда сағат 21:00 шамасында Ақтөбе облысына көлік қозғалысының жабылуына байланысты Қызылорда облысында «Самара-Шымкент» авто жолының 1240 шақырымынан 1357 шақырымға дейінгі аралықта көлік құралының барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).

4. 2024 жылғы 28 наурызда сағат 21:00 шамасында Қарағанды облысында еріген судың шамадан тыс көп болуына және көліктің қауіпсіз қозғалысына қауіп төнуіне байланысты Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау авто жолының 147-шақырымнан 166-шақырымға дейінгі аралықта көлік құралының барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды (Алғабас ауылынан Ақмешітке дейінгі учаске).