• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қылмыс 28 Наурыз, 2024

3,5 миллион қорап тәркіленді

45 рет
көрсетілді

Шекарашылар Қазақстан-қырғыз шекарасы арқылы заңсыз жолмен өткізілмекші болған 3,5 миллион қорап темекі өнімдерін тәркіледі. Заң­сыз жүкті тиеген 4 ауыр жүк көлігін Қазақстан-қырғыз шекарасын­дағы «Айша бибі» өткізу пунктінде тәуекелдерді басқару жүйесінің қыз­мет­керлері анықтаған. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекет­тік кірістер комитеті хабарлады.

Тауарларға берілетін ілеспе құжаттардың мәлі­мет­теріне сәйкес автокөліктер Қыр­ғызстаннан Түр­­кияға транзитпен өтіп, бұршақ тасы­малдаған. Алайда тексеру барысында бұршақ емес 3,5 миллион қораптан астам темекі анықталып, істің барлық материалы Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне берілген.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, өңірде наурыз айында комитет пен ҰҚК Шекара қызметінің жүктерді заңсыз тасымалдаудың жолын кесу бойынша бірлескен жедел-алдын алу іс-шаралары қолға алынған. «Бірлескен тексерулерінің нәтижесінде 5 наурызда Қырғызстаннан жолаушыларсыз келе жатқан үш автобустың жүк салу бөлімдерінде 8 мыңнан аса халық тұтынатын тауарлар: киім, сантехника, шлангілер, шай, бет маскалары, аяқ киім сөмкелері, рюкзактар табылды. Барлық тауарлардың ілеспе құжаттары жоқ.

10 наурызда Қырғызстаннан келе жатқан жо­лаушылар автобусының жанар-жағармай багінен акцизделе­тін өнімге арналған сәйкестендіру құралдарынсыз 12 700 қорап «Oris» темекісі табылды. 11 наурызда Қыр­ғызстаннан темекіні заңсыз әкелуге әрекет жа­сау фактісі анықталды. Сондай-ақ екі жеңіл авто­кө­лік­тің жанар-жағармай бактерінен 2 500 қорап «Oris» те­мекісі табылды (әр көлікте 1 250 қораптан). Теме­кіні заңсыз әкелу фактілері бойынша материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сот органдарына жіберілді.

Салық заңнамасы аясында мұндай әрекеттер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру тұрғысынан қаралады. Мемлекеттік кірістер комитетінің баспа­сөз қызметі комитеттің ҰҚК Шекара қызме­тімен бірлескен қазақ-қырғыз шекарасы арқылы тауар­лардың заңсыз өткізілуіне жол бермеу жөніндегі жұмыстарының жалғаса беретінін мәлімдеді.