Төтенше жағдайлар қызметі Елек және Қарғалы өзендері көтерілетінін хабарлап, 900-ден астам үй тұрғындарын көшіруге шешім қабылдады.
Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жарияланып, Елек және Қарғалы бойын жағалай қоныстанған тұрғын үйлерді су басу қаупі күшейді. Күннің күрт жылынуы салдарынан Ақтөбе қаласы Елек және Қарғалы өзендері бойындағы бау-бақша ұжымдарында орналасқан үйлерді су басу қаупі туындады.
- Осыған байланысты облыс әкімінің төрағалымен жоспардан тыс Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өткізілді. Отырыс нәтижесі бойынша Ақтөбе қаласы Елек өзені бойындағы бау-бақша ұжымында тұратын 906 үй тұрғындарын уақытша орналастыру орындарына көшіру туралы шешім қабылданды,- деп жазды Ақтөбе облыстық ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов.