• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Наурыз, 2024

Ақсуат ауданында төтенше жағдай жарияланды

141 рет
көрсетілді

Абай облысы Ақсуат ауданында төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Бүгін Ақсуат аудандық жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Штаб отырысында тасқын су салдарынан келген залалдарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Ақсуат ауданының әкімдігі «Азаматтық қорғау туралы» ҚР заңының 48-бабына және 50-бабына сәйкес, 2024 жылдың 28 наурызынан бастап, жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ қарғын су салдарынан жол қатынасы үзілген ауылдарды қажетті деңгейде азық-түлікпен, басқа да күнделікті тіршілікке қажеттіліктермен қамту мәселесі пысықталып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.