«Қазгидромет» синоптиктері алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, ел аумағында әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, деп жазады Egemen.kz.
Қостанай облыс «Қазақстанның барлық аумағына Екатеринбург үстінде орналасқан ауқымды циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелер әсер етуді жалғастырып жатыр», дейді мамандар.
Бұл жаңбыр жиілеп жауатынын білдіреді. Мәселен, 30 наурызда Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында, ал 31 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын болады.
Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында да жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
«Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы түнде 3-10 аязға дейін төмендейді, күндіз 5-13 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда түнде ауа температурасы төмендейді. 6 градус аяз – 2 градус аяз, күндіз 5-18 градусқа дейін көтеріледі», делінген хабарламада.
Десе де елдің батысында ғана күн шығып, жылы болады. Аталған өңірде ауа температурасы түнде 1-6 градусқа дейін, күндіз 13-18 градусқа дейін көтеріледі.