Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңа тергеу аяқталды. Қазір процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайына қатысты тергеумен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айналысты. Антикор мәліметінше, Алматы тергеу сотының санкциясы бойынша Гүлмира Сатыбалды қамауда отыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Г. Сатыбалды мен басқа адамдардың Қазақстан Қылмыстық кодексінің 126-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Бас бостандығынан заңсыз айыру абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса), 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Қорқытып алу, аса iрi мөлшерде жасалса) және 389-бабтың 4-бөлігінде (Өзiнше билiк ету, осы баптың екінші немесе үшінші бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша тергеуді аяқтады», деп жауап берді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына.
Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.