Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Қазыбек Әлішев пен Мақсат Толықбай Ақтөбе облысына барып, су тасқынынан зардап шеккен Қобда ауданы жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«AMANAT» партиясы тарапынан қолдан келгенше көмек көрсетіп жатырмыз. Дәрі-дәрмек, жаңа төсек-орын барлығы жеткілікті. Жағдай тұрақталғанша тұрғындардың басы-қасында боламыз», деді Мақсат Толықбай.
Аталған партияның баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қобда ауылында 237 үй су астында қалды. Зардап шеккен тұрғындар эвакуациялау орталықтарына орналастырылып, ыстық тамақпен, киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Арнайы комиссия шығын көлемін анықтап жатыр. Жапа шеккен адамдарға материалдық көмек көрсетіліп, су тасқынының алдын алу шараларын күшейту жолдары қарастырылады.
Мәжіліс депутаттарының іссапары жалғасады. Бүгін олар Темір және Мұғалжар ауданындағы суға кеткен ауылдарға жолға шықты.