• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Наурыз, 2024

Бас мүфти тасқын судан зардап шеккен азаматтарға дұға жасады

171 рет
көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында Орталық мешітте Құран хатым дұғасын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бас мүфти қазақ даласынан шыққан ғұлама-ғалымдар, ахун-ишандар, әулиелер, алаш қайраткерлері мен ел үшін еңбек еткен күллі бабалар рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.

«Уа, Алла Тағала! Осы оқылған қасиетті Құран аяттарының нұрымен халқымызды, елімізді, жерімізді нұрға бөлей гөр. Халқымызды табиғи апаттардан, зілзаладан, топан судан, өрттен, кеселден, түрлі індеттерден аман сақтай гөр! Алматы қаласын, бүкіл қазақ даласын жер сілкінісінен сақтай гөр. Жер бетін бүлік пен апаттан аман еткейсің.

Уа, Алла! Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай облыстарында тасқын судан жапа шеккен жерлестерімізге Өзің жар болғайсың. Олардың басына келген сынақтың соңын қайырлы ете гөр. Жерімізді тасқын судан сақтай гөр», деп дұға етті Бас мүфти.