• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 30 Наурыз, 2024

Теміртауда төтенше жағдай режимі жарияланды

129 рет
көрсетілді

Қарағанды облысы, Теміртау қаласының оң жағалауындағы су құбырында технологиялық ақау болды.

Бұл туралы қала әкімі Ораз Тәуірбеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Құрметті теміртаулықтар, кеше оң жағалау тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ететін су құбыры учаскесінде пайда болған технологиялық ақауға байланысты, біз бұл аймаққа ауызсу беруді уақытша тоқтатуға мәжбүр болдық. Қалыптасқан жағдайдың барлық салдарын ескере отырып және қолданыстағы заңнаманың нормаларын басшылыққа ала отырып, мен төтенше жағдай режимін жарияладым. Оның аясында біз ауызсумен жабдықтаудың штаттық режимін қысқа мерзімде қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз», деді видеомәлімдемесінде қала басшысы.

Қазіргі уақытта қажетті материал толығымен алынды. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жауапты орган жөндеу жұмыстары екі күнде аяқталатынын хабарлады.

 

Қарағанды облысы