Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, «Қазавтожол» АҚ түстен кейін Ақсу-Аюлы тас жолын уақытша ашып, сол аумақтан 270 жүк көлігі колониясын шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алайда, жүк көлігі жүргізушілерінің бірі жол қауіпсіздік ережесін сақтамай, жол жиегіне шығып кетіп, аударылып қалған.
Мұнымен қоса, жол жиегінде жұмыс істеп жүрген үш жүк көлігі де аударылып қалған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Жүргізушілер эвакуацияланды.
Қарағанды облысы