• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Наурыз, 2024

Қарағанды ​​облысының тұрғындары жеке пойызбен эвакуацияланады

110 рет
көрсетілді

ҚТЖ Қарағанды ​​облысының тұрғындарын эвакуациялау үшін жеке пойыз бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысының Ақсу-Аюлы кентінде ауа райының нашарлауы мен қардың қарқынды еруі Шерубай-Нұра өзенінің шектен тыс толуы салдарынан Екатеринбург-Алматы тасжолы уақытша жабылып қалды. Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қарағанды облысының тұрғындарын эвакуациялауды ұйымдастырып жатыр.

«Халықты тасымалдауды қамтамасыз ету үшін тегін негізде жеке локомотивті пайдалана отырып, бір рейске жолаушылар пойызы тағайындалды: - №8801/8802 «Қарағанды-Балқаш-2» бағытында пойыз Қарағандыдан 30 наурыз күні сағат 14:53-те жөнелтілді. Сондай-ақ келесі 1 рейске жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар тағайындалды: «Қарағанды-Балқаш-2» бағытындағы №606 пойыз Қарағандыдан 30 наурызда сағат 19:40-та жөнелтіліп, 31 наурыз күні Балқашқа сағат 06:25-те келді; «Балқаш-2-Қарағанды» бағытындағы №605 пойыз 30 наурыз күні сағат 22:50-де Балқаштан жөнелтіліп, 31 наурыз күні сағат 8:20-да Қарағандыға келді», делінген хабарламада.

Қосымша вагондардың арқасында су басқан аймақтардан 1200-ден астам тұрғынды тасымалдау мүмкін болады.