Жангелдин ауданын Қостанай, Арқалықпен байланыстыратын жалғыз жолды тасқын су басып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қостанай облысындағы Жаркөл ауылының тұсында жолдың бірнеше жерінен су асып кетті. Осының салдарынан Торғаймен жол қатынасы үзілу қаупі туындап тұр.
Ал Жаркөл ауылында 20 шақты үйге қарғын су кірген. Ауыл шетінде тұрған мектептің айналасы көлкіп тұр. Судың екпіні қатты болса да, тұрғындар шамалары жеткенше судың алдын бөгеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Өңірде су деңгейі көтеріліп жатыр. Жаркөл ауылы да аралда қалуы мүмкін.