• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Сәуір, 2024

Ұлытаудағы «Атасу - Қаражал» жолын да су басты

198 рет
көрсетілді

Ұлытау облысындағы жалпы жағдайға қарағанда су тасқыны саябырсып, бәсеңдеген секілді. Бірақ бұл қауіп сейілді дегенді білдірмейді, деп жазады Egemen.kz.

Мәселен, бүгін түскі сағат 12:30-да «Атасу - Қаражал» жолын жабуға тура келді.

«Еріген қар суының екпіні қатты болып тұр, екі аралықтағы Ақтай елді мекенінің тұсындағы көпір судың астында қалды. Сондықтан, бұл бағытта автокөліктің барлық түріне жүруге тыйым салынды», деді Ұлытау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ж.Бегаев.

Қазір судың елді мекендерге жайылып кетпеуі үшін қажетті шаралар қолға алынып жатыр.