• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Сәуір, 2024

Ақтауда 17 жастағы спортшы жекпе-жек кезінде қайтыс болды

463 рет
көрсетілді

Кеше, 31 наурызда Ақтау қаласындағы «Батыр» спорт кешенінде өткен Nomad MMA бойынша облыстық жарыс кезінде 17 жастағы спортшы көз жұмды. Қайғылы хабарды Маңғыстау облысының Nomad MMA федерациясы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Жекпе-жек кезінде жарақат алған 17 жастағы жігітке спорт кешенінің медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсеткен.

«Өкінішке қарай, жасөспірім көз жұмды. Турнир басталар алдында қатысушының жарысқа дайындығын растайтын медициналық анықтама ұсынылған еді. Аталған  қайғылы оқиға – жазатайым күтпеген жағдай. Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан тергеу аясында құзыретті органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз», деп хабарлады федерация баспасөз қызметі.