• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Экология 02 Сәуір, 2024

BI Group су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 500 млн теңге бөлді

902 рет
көрсетілді

Холдинг су тасқынының алғашқы күнінен-ақ зардап шеккендерге көмек көрсетіп, облыс басшылықтарын құрылыс және арнайы техникамен, қажетті  материалдық ресурстармен қамтамасыз ете бастады, деп жазады Egemen.kz.

Бөлінген қаражат қайта қалпына келтіру, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге бағытталды. BI Group командалары жақын арада үйлерді қалпына келтіруге көмектесу үшін зардап шеккен аймақтарға барады.

«Біз жақында болған су тасқынынан зардап шеккен мыңдаған азаматқа шын жүректен жанашырлық танытамыз. Тұрғын үй мен мүлікті жоғалту кез келген адам үшін үлкен сынақ  және біз отандастарымызға қолдау көрсету жауапкершілігі мен міндетін сезінеміз. Бірлескен күш-жігермен біз зардап шеккен аудандарды қалпына келтіруге және адамдардың қалыпты өмірге оралуын жеңілдетуге тырысамыз», деді BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті