Еліміздің түкпір-түкпірінен кәсіпкерлер мен қатардағы азаматтар су тасқынынан зардап шеккен бизнесмендерге «Күшіміз бірлікте» қорына материалдық көмек жолдайды. Қордың миссиясы – түрлі күйзелістер кезінде шығынға ұшыраған шағын және орта бизнесті қолдау.
«Күшіміз бірлікте» қоры – Алматы кәсіпкерлері бастамасымен 2022 жылдың қаңтарында тоналған және қиратылған бизнес субъектілеріне көмек көрсету үшін құрылған болатын.
2023 жылғы ақпанда 72,7 мыңнан астам адамның өмірін қиған Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін аталған қор шамамен 50 млн теңге жинады.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы су басқан кәсіпорындарды оңалтуға ықпал етуге ниетті. Су тасқыны кезінде зардап шеккен бизнесмендерге көмек көрсетуге ұйым қызметкерлерінің бір күндік жалақысын жұмсау туралы бірауыздан шешім қабылданды.
Сондай-ақ «Атамекен» ҰКП жанында 1432 call-орталығы жұмыс істейді. Су тасқыны кезінде зардап шеккен кәсіпорындар консультациялық көмек алу үшін call-орталыққа хабарласа алады.
«Күшіміз бірлікте» қорының деректемелері:
БСН 220140002583;
«Банк ЦентрКредит» АҚ-ның есеп айырысу шоты: KZ268562203115072353;
«Банк ЦентрКредит» АҚ деректемелері:
БСК/БСК (SWIFT) KCJBKZKX
БСН/БСН 980741000260 СКТ119