Бүгін күндіз сағат 12:00 шамасында Шымкент көшелерінің бірінде атыс болды, деп жазады Egemen.kz kz.otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
2 сәуір күні Шымкенттегі Шевченко көшесінде атыс болды. Белгісіз біреулер жас жігітті травматикалық қарумен атып кеткен.
Тұрғынның көршілері: «зардап шегушінің үйінде ылғи шу болып тұрады», деп пікір білдірген. Ал құзырлы органдар істің мән-жайын анықтауға кіріскен.