Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан осы айдың 1-3 күндері өтіп жатқан Grand Prix додасында Қазақстан балуандары қос қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан пара дзюдо федерациясының мәліметінше, Ерғали Шамей 73 келіге дейінгі салмақта J1 санатында үздік үштікке ілікті. Сондай-ақ Даяна Федосова 57 келіге дейінгі салмақ бойынша J2 санаты бойынша қола жүлдеге қол жеткізді.
Аталған байрақты бәсекеге елімізден барлығы 17 спортшы қатысты.