Ақмола облысының құтқарушылары Қосшы қаласының Тайтөбе ауылы маңында шатыр құрған 1968 және 1966 жылғы ерлі-зайыптыларды құтқарды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Көңілді демалыс ұзаққа созылмай қалды. Нұра өзені арнасынан асып, су жайылған. Ал отырыс орны бір мезетте шағын көлшікке айналып үлгерген.
Хабарламада: «Ерлі-зайыптылар Қосшы қаласындағы туыстарының үйіне жеткізілді», делінген.