• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Сәуір, 2024

Атыраудағы Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды

165 рет
көрсетілді

Бүгін, 4 сәуірде Жылыой ауданында төтенше жағдай жариялау шешімі қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аудан әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақованың мәлім етуінше, бұған су тасқынының қиындық туғызғаны себеп болған.

«Жылыой ауданында бүгін, 4 сәуірде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Қазір Қосшағыл ауылдық округіне қарасты Қарағай елді мекеніне су кірді. Сол себептен, жедел штаб Қарағай елді мекенінің тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру туралы шешім қабылдады. Бірінші кезекте әйелдер, балалар, науқас жандар және I, II, III-топтағы мүгедектер көшіріледі», деді Гүлнафис Айшуақова.

Осыған байланысты аудан орталығы – Құлсары қаласында үш қабылдау пункті ашылды. Бұл – №1, 8 және 18-орта мектеп ғимараттары.

«Қарағай елді мекенінен қабылдау пункттеріне жеткізетін автобустар жүреді. Тұрғындардан өздерімен бірге жеке бас құжатын, қажетті заттарыңызды (шағын төсек орын т.б.) алу сұралады», деп мәлім етті Гүлнафис Айшуақова.