• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Сәуір, 2024

Қонаев қаласының әкімі отставкаға кетті

211 рет
көрсетілді

Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақпаратты Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы растады. Ресми деректерге сәйкес, Нұрлан Құматаев 2024 жылдың 28 наурызында Қонаев қаласының әкімі қызметінен өз өтінішімен кеткен.

«Ол басшылық кезінде бірнеше маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырды. Мысалы, қазандықты мазутқа емес, табиғи газға көшіру, ыстық сумен қамту сияқты жұмыстарды жүргізді. Оныншы шағын ауданды абаттандыру жұмыстарын, мектеп пен тұрғын үйлердің құрылысын бастады. Сонымен қатар, ол «Ардагер» және «Самал» шағын аудандарында да жобалар жүзеге асырыды. Нұрлан Құматаевтың жетекшілігімен жылу желілері жаңартылды, ұңғымалар игерілді, суару желілері қайта жаңғыртылды және кәріздік сорғы стансалары жаңартылды», деді әкімдіктің баспасөз қызметі.