Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев 5 сәуір күні Хиуа қаласында бейресми кездесу өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың ауқымды мәселелерін, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқылайды деп жоспарланып отыр.