• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Сәуір, 2024

БҚО-да 7 мыңға жуық адам эвакуацияланды

100 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар департаментінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен ТЖ вице-министрі Ерлан Нұрпейісовтың төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында су тасқыны кезеңінің өту барысы талқыланды. ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Руслан Қасымбаев облыстағы су тасқыны жағдайы туралы соңғы мәліметтерді баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, 7 мыңға жуық адам эвакуацияланды, оның ішінде 3 600 бала бар. Эвакуациялық пункттерде 1 мыңнан астам адам орналасты, қалған 5 485 адам туыстарының үйінде қалған.

Көлік қатынасы үзілген 10 елді мекен дүкендерінде азық-түлік қоры алдын ала ұйымдастырылған.

Облыстағы ахуал бақыланып жатыр.

ТЖД және жергілікті атқарушы органдарының көмегімен Бөрлі ауданының Қарашығанақ, Димитров кенттерінің тұрғындары сәтті эвакуацияланды. Барлығы 25 адам эвакуацияланды, оның ішінде 1 бала бар.