• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Сәуір, 2024

Ел азаматтары мамырда қанша күн демалады?

151 рет
көрсетілді

Мамыр айында үш айтулы мереке атап өтіледі, деп жазады Egemen.kz.

1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтіледі. Ал 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. Сондай-ақ 9 мамырда ел азаматтары Жеңіс күнін тойлайды.

Бес күн жұмыс істейтін азаматтар 1 мамырда демалып, 2, 3 мамырда жұмысқа оралады. 4 және 5 мамырда қайта демалып, мамырдың 6-сы жұмысқа шығады. 7-сі бір күн демалып, 8-і жұмыс істейді. Келесі күні, 9 мамырда да демалыс күні, 10 мамыр - жұмыс. 11 мамыр, сенбі және 12 мамыр, жексенбі күндері әдеттегідей демалыс болады.

Алты күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр - демалыс, 2, 3, 4 мамыр - жұмыс, 5 мамыр - демалыс, 6 мамыр - жұмыс, 7 мамыр - демалыс, 8 мамыр - жұмыс, 9 мамыр - демалыс, 10 және 11 мамыр - жұмыс, 12 мамыр - демалыс.