• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Сәуір, 2024

Құлсары ауруханасындағы науқастар Бейнеудегі емдеу орнына эвакуацияланды

171 рет
көрсетілді

Науқастарды Маңғыстау облысына тасымалдау үшін 14 жедел жәрдем көлігі мен 2 автобус бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жылыой аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Асұлан Абдрахмановтың айтуынша,  емделушілердің қауіпсіздігі көзделген.

«Орталық ауруханада ем алып жатқан 77 науқас бар. Наусқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көршілес облысқа тасымалдап жатырмыз. Аурухананың жансақтау бөлімінде 2, хирургия бөлімінде 12, терапия бөлімінде 10, балалар және босану бөлімінде де науқастар бар. Оларды қауіпсіз орынға көшіру мақсатында эвакуация жүріп жатыр. Жағдайы ауыр науқастар реаниматологпен, анестезиологпен және толық жабдықталған ИВЛ аппаратымен барады. Жатып баратын науқастар жедел-жәрдем көлігімен, өзгелері автобуспен қатынайды», деді Асұлан Абдрахманов.

Науқастарды емдеуші дәрігерлер алып барады. Олар дәрі-дәрмектің барлық түрімен қамтылды. Қызметкерлер Бейнеу аудандық ауруханасына барған соң емдеу-сауықтыру жұмысына көмектеседі. Жалақысы іссапар ақысы негізінде төленеді.

Ал аудандық орталық ауруханада жағдай тұрақталғанға дейін алғашқы көмек көрсетіле береді.