«Құрметті Қостанай облысының тұрғындары мен қонақтар! Су тасқыны жағдайына байланысты «Корей» көпірі мен КЖБИ көпірі арқылы көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Қостанай қаласы мен Қостанай ауданы арасындағы негізгі қозғалыс ағыны орталық көпір арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты аталған көпірде көлік кептелісі болып, авариялық және құтқару жұмыстарын атқарып жатқан арнайы техникалардың жұмысына кедергі келтіріп жатқан жайттар болып отыр. Алдағы екі күн бойы орталық көпір арқылы қозғалысты шектеуді сұраймыз. Бизнес өкілдерінен өз қызметкерлерін қашықтан жұмысқа ауыстыруды, сондай-ақ маршрутты алдын ала жоспарлауды және ресми хабарламаларды қадағалауды сұраймыз», деп хабарлады жедел штаб.
Қостанай облысы