• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Сәуір, 2024

Бейнеуліктер Құлсары тұрғындарын үйлеріне орналастырып жатыр

262 рет
көрсетілді

Бейнеуліктер су тасқынынан эвакуацияланған Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғындарын өз үйлеріне орналастырып жатыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

Кең пейілді жандардың қатарында Ырысбике Урбишева да бар. Ол үйіне 3 отбасыны кіргізіп, ас-су ұсынып, қажет дүниелерін тауып беріп отыр.

«Осындай қиын қыстауда көмек беру азаматтық борышымыз деп білемін.  Халық болып Құлсары тұрғындарына жан-жақты жағдай жасауға ниеттіміз», деді Ырысбике Урбишева.

Құлсары қаласының халқы жергілікті тұрғындарға алғыстарын жаудырды.

«Ауылымыз түгелдей дерлік су астында қалды. Соған байланысты осындай көмек көрсетіп, Бейнеуге көшірді. Келген үйіміздің жағдайы жақсы. Тамағымыз дайын. Өз үйімізде демалып жатқандаймыз Алғысым шексіз!»,  деді Жылыой ауданының тұрғыны Әбілкарим Бірекейев.