• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 07 Сәуір, 2024

Ақтөбеліктер материалдық шығындарына байланысты 300-ден астам өтініш берді

116 рет
көрсетілді

Облыс бойынша 94 зардап шеккен тұрғынға 28 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлемдер төленді. Жалпы 7 сәуірдегі жағдай бойынша біржолғы төлемді алуға 346 отбасы ниет білдірген, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындар мен кәсіпкерлердің материалдық залалдарын есептеу үшін Ақтөбе облысының әр ауданында жеке комиссиялар құрылды. 7 сәуірдегі жағдай бойынша 2018 өтініш түсіп, комиссия мүшелері залалды бағалау үшін Ақтөбе қаласы мен Әйтеке би, Қобда, Мұғалжар, Темір аудандарында 1482 үйді аралаған. Ойыл ауданында су деңгейінің төмендемеуі себебінен мүлікті бағалау жұмыстарын жүргізу мүмкін болмай отыр. Келтірілген залалдың төлемдері тәуелсіз бағалау компаниясының қорытындылары бойынша жүргізіледі. 

Тіркелмеген мүлікті, көбінесе бау-бақша шаруашылығын бағалау үшін бөлек механизм әзірленеді. 

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмек жинау орталығы жұмыс істейді. Барлығы 10 күн ішінде шамамен 300 тонна (210 тонна азық-түлік, 80 тонна азық-түлікке жатпайтын тауарлар, 0,2 тонна дәрі-дәрмек) жиналды. Оның ішінде 215 тонна тауарлар мұқтаж тұрғындарға таратылды. Гуманитарлық көмекті зардап шеккен аудандарға жеткізуге 8 524 ерікті көмектесіп жүр.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі жедел штаб жұмысын вице-премьер Серік Жұманғарин үйлестіріп отыр.