Бейімбет Майлин ауданындағы Әйет өзенінде су деңгейі төмендей бастады. Осыған байланысты аталған ауданға қарасты Әйет және Николаев ауылдарынан эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне оралып жатыр.
«Су тартылып барады. Халық қуанып жатыр. Тұрғындар үйлеріне қайта оралып, үй-жай, қора-қопсыларын қалпына келтіру жұмыстарына кірісу жағын ойластырып жатыр. Үйлері аман қалған азаматтар ауылдастарына қолдарынан келгенше көмек беріп, көмектесуге дайын. Қазіргі бұл екі елді мекенде қауіп сейілді. Су тасқыны жағдайы жергілікті атқарушы органдардың бақылауында болады», деп хабарлады облыстық жедел штаб.
Қостанай облысы