• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Энергетика 08 Сәуір, 2024

Жанар-жағармай тапшылығының алдын алу шарасы

128 рет
көрсетілді

Премьер-министр­дің бірінші орынбасары Р.Скляр­­дың төраға­лығы­мен ішкі нарықты ж­анар-жа­ғар­маймен (ЖЖМ) қам­та­масыз ету мәсе­ле­­лері бойынша кеңес өткізілді.

Жиында жанар-жағармай нары­ғындағы ағымдағы жағдай қаралып, отынды елімізден заңсыз әкетудің жолын кесу шаралары талқыланды.

Энергетика министрлігі өкілі­нің баяндамасында еліміздегі баға­­ның көршілес мемлекеттермен дис­паритетіне байланысты ЖЖМ ағын­дары мен «жасырын» экс­порт­ын­ың қаупі бар екені атап өтілді.

Ішкі нарықта тапшылықты бол­дырмау мақсатында ҚМА, ҰҚК ШҚ, ҚМ МКК және басқа да мүд­делі мем­ле­кет­т­ік органдармен бірлесіп шекара­лық өт­кел­­дерде жанар-жағармай әкетуді ба­­қы­­лау жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Премьер-министрдің бірінші орын­басары Энергетика министр­лігіне мүд­делі мемлекеттік органдармен бірле­­сіп шетел жүк көліктері үшін шекара ма­ңындағы АЖС-ға сараланған баға­ларды белгілеу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.