Бүгін Астанада Тайландтағы лицензиялық турнирге қатысатын боксшыларды іріктеу сайыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
50 келі салмақ бойынша Алуа Балқыбековамен финалдық жекпе-жекте Назым Қызайбай жеңіске жетті.
Енді ол мамыр айында Тайландта өтетін лицензиялық турнирде жұдырықтасады.
Назым Қызайбай – 2014 жылы әйелдер арасында өткен әлем чемпионатында (Оңтүстік Корея, Чеджу қаласы) чемпион атанып, Қазақстан спорт тарихында ел халқын тұңғыш рет алтын медальмен қуантқан алғашқы бұрымды боксшы.