Кітап оқуды жан-тәнімен жақсы көретін қауымның арасында библиоклептомания деген бір ауру бар. Бұл ауруға шалдыққандар ешқашан кітапты сатып алмайды, яки сұрап әуре болмайды, саналы түрде ұрлап алады.
Кітап ұрлықшыларының бұл ісінен дым ұялмайтындары, ешқашан қоя алмайтындары қызық. Сондықтан да ғалымдар бұны ауруға санап, оларға осындай диагноз қойып отыр.
Әлемдегі әйдік кітап ұрлағыштардың бірі Стивен Блумберг болыпты. Ол 300 кітапханадан жиырма мыңнан астам тәуір кітаптарды жымқырған. Таңғалмау тіпті мүмкін емес. Жасыратыны жоқ, осыдан соң кітап ұрлау да өнер шығар деген ой келеді. Бәлки, бұл «кәсіпті» ауруға емес, өнерге жатқызу керек шығар? Әлқисса. Осы бір «қасиетті» мақсатқа жетер жолда Стивен кітапханаға желдету жүйесі немесе лифті шахтасы арқылы кірген.
Стивеннің тар жолда тайғақ кешіп жүріп жиған кітаптарын көрер ме едік, шіркін...