Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Гуманитарлық көмекті бастап келген Қырғыз Республикасы министрінің орынбасары Урматбек Шамырқанов бауырлас елден қазақ еліне 300 тонна жеткізілгенін, соның ішінде Атырау облысына 80 тонна келгенін атап өтті. Қазіргі уақытта 4 фураға тиелген азық-түлік, жылы киім-кешек, жатын орын төсектерін және жылыту құралдарын Жылыой ауданына жөнелту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.