• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Сәуір, 2024

Абай облысы үлкен залалдың алдын алды - Ринат Заитов

88 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаты Ринат Заитов су тасқынынан кейінгі елдің жағдайын білу үшін Абай облысы Ақсуат ауданына барды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Елімізде болған төтенше жағдай бізге біраз сабақ берді. Апаттарға кез-келген уақытта дайын болу  - соның бірі. Абай облысының Ақсуат, Көкпекті аудандарында алдын ала жұмыс жүргізілгені байқалады. Иә, шығын жоқ емес, бар. Бірақ, алыстырмалы түрде көп кеселден аман. Сапар барысында түсінгенім, ең бірінші жергілікті басшылық халықты ұйымдастыра білу керек. Орталықтың көмегі көзді ашып-жұмғанша келе салмайды», деп жазды депутат.

Сонымен қатар оның айтуынша, Абай облысындағы жұрт судың тасуына алдын ала дайындалған.

«Абай обылысындағы жұрт судың тасуына дайындалғаны көрініп тұр. Бірнеше ауыл іргесіне келген топан суды өз күшімен бұрған. Әрине, басы-қасында жергілікті атқамінерлер жүр. Шіркін, Қазақстанның әр ауданында осындай ұйымшылдық болғанда ғой... Көп жағдайда жергілікті әкімдіктің қолын жоқтық байлаған. Сонда да көреген халық бірлік танытып, жұмыла әрекет жасаған», деді Заитов. 

Депутаттың айтуынша, ендігі кезекте судан зардап шеккен халықтың шығынын уақтылы өтеп, келесі болуы мүмкін апаттарға барынша дайындалу керек.

Айта кетейік, AMANAT партиясы еліміздің түпкір-түпкіріне өз өкілдерін жіберіп, тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр.