«Халқымыз табиғаттың тосын мінезі – көктемгі су тасқынына қарсы тұрып, ауызбіршілік танытып жатыр. Жұрт болып жұмылып, ел болып бірігіп, алапат тасқынның бетін қайтаруға бар күштерін салып отыр. Сындарлы сәтте ел Президентінің маңына топтасып, ауыртпалықты еңсеруде елдік пен бірліктің үлгісін көрсетіп жатыр. Халықтық ұйым – «AMANAT» партиясы да алғашқы сәттен бастап су басқан өңір халқының жанынан табылып, бар көмегін ұсынды. Жастар қанатының мыңдаған еріктілері зардап шеккендерді көшірісуге, қарғын суға қарсы бөгет жасауға, гуманитарлық көмекті үлестіруге аянбай атсалысып жүр. Бүгінгі күні партиямыздың ел көлемінде бүкіл құрылымдық бөлімшелері бірігіп, су басудан зардап шегіп отырған өңір тұрғындарына жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден астам сомаға қаржылай және заттай көмек көрсетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен қажетті заттар мен азық-түлік тиелген гуманитарлық көмек керуендерін жөнелтті. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын таба береді», деп жазды депутат.
Оның айтуынша, Мәжілістегі фракция депутаттары да су басудың бірінші күнінен бастап өңірлерге барып, тұрғындардың ортасында жүр.
«Ауыртпалыққа ұшыраған ағайынның талап-тілегін құзырлы органдарға тікелей жеткізіп, қажетті ресурстарды жедел жұмылдыруға ықпал етіп жатыр. Бірқатар әріптесіміз жеке өз есептерінен қомақты қаржылай, заттай көмектерін тигізіп жатыр. Депутаттар апаттың беті қайтқанша сонда болады. Бекем бірлігіміздің арқасында бұл сынақтан да сүрінбей өтетінімізге сенімдімін. Бастысы – еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ауыртпалықтар артта қалсын. Баршаңызға амандық, бақ-береке тілеймін», деп жазды ол.