Үкіметтің баспасөз қызметі Премьер-министрдің атынан фейк ақпарат тарап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мессенджерлерде қаражат аудару туралы өтініш айтылған Премьер-министрдің және Үкімет мүшелерінің атынан ақпарат таратылып жатқанын хабарлайды. Бұл — жалған ақпарат. Оны интернет-алаяқтар таратып отыр. Жалған ақпаратқа сенбеуге, қаражат аудармауға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырамыз», делінген мәлімдемеде.
Құқық қорғау органдары алаяқтық әрекеттер жасап жатқан адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.