Алматыда қоғамдық көлікке мінген жолаушы жүргізушіні соққыға жықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық жол полициясының баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін сағат 8:00 шамасында Бостандық ауданында қоғамдық көлік ішінде тағы бір жанжал шықты.
«98-маршруттағы автобуста 38 жастағы жолаушы қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, автобус жүргізушісіне дене жарақатын келтірген. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды. Бұзақылық фактісі бойынша сараптама тағайындалды», деді Бостандық аудандық полиция бөлімінің бастығы Дидар Аханов.
Күдікті сол сәтте жұмысқа кешігіп жатқанын айтып, жүргізушіден автобусты тезірек жүргізуін талап еткені анықталды.