ҚР ТЖМ су тасқыны жағдайы бойынша сағат 00.00-дегі ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Азаматтық қорғау қызметтері 99 127 адамды, оның ішінде 36 365 баланы эвакуациялаған.
Уақытша орналастыру пункттерінде 6 516 адам, оның ішінде 3 167 бала бар.
8,9 млн. м3 еріген қар суы сорылды,
1,6 млн. астам қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді.
2983 тұрғын үй мен 1 868 аула аумағынан су бұрылды.
Мемлекеттік материалдық резервтен 264 тонна азық-түлік броньнан шығарылды.