Экологиялық акцияның алғашқы аптасы «Таза өлке» апталығы аясында қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұдан басқа, шағын аудандардың аулаларын, қоқыс жәшіктерін тазалау, орындықтарды, балалар алаңдарын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Іс – шараға армян этномәдени орталығының өкілі – Н.Мовсосиян, тарих ғылымдарының докторы – Д.Қожамжарова, қаланың белсенді жастары - А. Сұлтан, қала жастары және басқа да қала тұрғындары қатысты.