Пайда болған жарықшақ салдарынан Науырзым аймағындағы Дәмді ауылының маңындағы көпірдің қирау қаупі бар. Осыған байланысты көпірдегі қозғалысты көліктің барлық түріне жабу туралы шешім қабылданды, деп жазады Egemen.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қазір «Жезқазған - Петропавл» А-16 республикалық тас жолы арқылы айналма жол қарастырылған.
- Өтінемін, түсіністікпен қараңыздар! Қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлаңыз және ресми ақпаратқа сүйеніңіздер, деп атап өтті департамент өкілдері.