Айдар Жәкібаев Алматы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Тағайындау Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен қабылданды, деп жазады Egemen.kz.
Айдар Жәкібаев 1988 жылы 14 қыркүйекте Өскемен қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Бостон университетін (АҚШ) «инженер-электрик» мамандығы бойынша бітірді.
«Еңбек жолын 2011 жылы жеке секторда бастаған. Әр жылдары «КПМГ Такс энд Эдвайзори» АҚ, ҚР Ұлттық экономика министрлігінде, ҚР Премьер-министрінің кеңсесінде, ҚР Ұлттық банкінде жұмыс істеді, ҚР Ұлттық банкі төрағасы аппараты департаменті директорының орынбасары, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі, Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2023 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі болып жұмыс істеді», делінген Алматы қаласы әкімдігінің хабарламасында.